Иранның Қорғаныс министрі Сауд Арабиясына ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/iran-i26844
Al Manar телеарнасының Иран Қорғаныс министрінің сөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, егер Сауд Арабиясы Иранға қарсы ақымақтық әрекетке баратын болса, бұл елдің Мекке мен Мәдине қалаларынан басқа аймақтарында қауіпсіздік жойылады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 08, 2017 14:29 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі Сауд Арабиясына ескерту жасады

Al Manar телеарнасының Иран Қорғаныс министрінің сөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, егер Сауд Арабиясы Иранға қарсы ақымақтық әрекетке баратын болса, бұл елдің Мекке мен Мәдине қалаларынан басқа аймақтарында қауіпсіздік жойылады.

Al Manar телеарнасының мәлімдеуі бойынша,  бригада генералы сардар Хосейн Деһқан бұл ескертуімен эр-Риядқа арабстандық басшылардың менмендігінің тіпті олардың өздері түсінбейтін сөздерді айтуға мәжбүрлегенін және олардың қолынан келетіні тек сионистік режимді Иранға қарсы арандату ғана екенін түсіндірді.

Тек кейбір бөлімдері ғана жарияланған Иран Қорғаныс министрінің бұл сұхбатында: "Бүгінде Сауд Арабиясының тіпті, сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуге жағымпаздық пен жарамсақтық жасауға дейін жеткеніне куә болып отырмыз. Мұндай әрекет қандай мағынаны білдіруі мүмкін? Неліктен халқы көтеріліп, уаһабизм мен салафизмге мойынсұнбай отыр?",- деді.