Хазірет Фатиманың шәһид болған күні мәртебелі жетекшінің қатысуымен аза тұту рәсімі өтті
(last modified Sun, 13 Mar 2016 12:54:56 GMT )
Нау 13, 2016 18:54 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатиманың шәһид болған күні мәртебелі жетекшінің қатысуымен аза тұту рәсімі өтті

Хазірет Фатима Захраның шәһид болған күніне байланысты аза тұту рәсімі ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің қатысуымен Теһрандағы имам Хомейни атындағы хосейниеде өтті.

Халықтың түрлі таптарынан мыңдаған адам, соның ішнде президент, үкімет делегациясының мүшелері, мемлекеттік және әскери басшылар қатысқан осы рәсімде аятолла Хаменеи исламның мәртебелі бануының артықшылықтарын баяндады.

Хазірет Фатима Захраның миссиясын қоғамдағы мүмкіндіктерді Құдайдың жолына қою және адамзаттың өсуі мен кемелденуі үшін алғышарт әзірлеуге үмбет пен имамдардың қатынасын түзету деп атап: «Егер қоғам өзінің имамдық және діни жетекшілікпен арадағы сертін орындаса, өсіп, кемелдікке жетеді. Сонда қоғам өсіп жетіліп, хазірет имам Махдидің келуі болуы үшін негіз дайындалады» деді.

Бүгін – 2016 жылдың наурыз айының он үші, хижри қамари жыл санағы бойынша 1437- ші жылдың джамади әс-сани айының үшінші жұлдызы ардақты пайғамбарымыз хазірет Мұхаммедтің аяулы қызы және әлем шиіттерінің бірінші имамы мүміндердің әміршісі Әбу Тәліп ибн Әлидің (ғ) жұбайы хазірет Фатима Захраның шәһид болған күні.

Иран Ислам Республикасы Телерадио бірлестігі хазірет Фатима Захраның шәһид болған күніне байланысты барша мұсылмандарға және әлемдегі бостандық сүйгіш халықтарға көңіл айтады.