Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы: Ахмад Шәһидтің есебіне иек артуға болмайды
(last modified Sun, 13 Mar 2016 13:06:11 GMT )
Нау 13, 2016 19:06 Asia/Almaty
  • Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы: Ахмад Шәһидтің есебіне иек артуға болмайды

Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы БҰҰ- ның Ирандағы адам құқығы ісі бойынша арнайы тілшісінің есебін біржақты деп атады.

Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы Мұхаммад Джавад Ардешир Лариджани Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Ахмад Шәһидтің есебі мазмұны тұрғысынан ешқандай жаңа тақырыпты қамтымайды және назар аударарлық әрі иек артуға болатын ешбір тақырыпқа ие емес. Иран лаңкестікпен күрестің туын ұстаушы. Ахмад Шәһидтің дәйектемелерін бағалауға болмайды. Оның өзі осы дәйектемелерді дұрыс емес деп сезетінін айтқан» деді.

Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы Ахмад Шәһидтің адам құқығы туралы есебін қайталама деп атап: «Иран ислам республикасының сот жүйесі ешқандай лаңкестік әрекетке төзбейді» деп қуаттады.

БҰҰ- ның Ирандағы адам құқығы ісі бойынша арнайы тілшісі Ахмад Шәһид бейсенбі күні жарияланған Иранға қарсы қайталама есебінде Иран ислам республикасына қарсы ойдан шығарылған айыптарды талқылады.