Рухани Иран мен Қырғызстан арасында байланыс орнатылудың жылдығымен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i26922-Рухани_Иран_мен_Қырғызстан_арасында_байланыс_орнатылудың_жылдығымен_құттықтады
Иран президенті қырғызстандық әріптесіне жолдаған үндеуінде екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнатылудың 25 жылдығымен құттықтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 10, 2017 21:24 Asia/Almaty
  • Рухани Иран мен Қырғызстан арасында байланыс орнатылудың жылдығымен құттықтады

Иран президенті қырғызстандық әріптесіне жолдаған үндеуінде екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнатылудың 25 жылдығымен құттықтады.

ИИР президенті Хасан Рухани Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа жолдауында: «Өткен 25 жыл ішінде Иран ислам республикасы мен Қырғызстан өзара құрмет және ортақ мүдде шеңберінде байланыстарды кеңейту бағытында үлкен қадамдар жасады. Екі елдің игі байланыстары екі халықтың бақуаттылығы, аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, нығайту бойынша жалғасуы керек» деді.