Сауд Арабиясы – аймақта лаңкестіктің жөнсіз артуының факторы
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Амир Абдуллахиан: «Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасауы аймақта лаңкестіктің жөнсіз артуының факторына айналды»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Қытайдың Ирандағы елшісі Пан Сенмен кездесуінде Сауд Арабиясының ИИР тарапынан Йеменге қару-жарақ тасымалданғаны туралы уәждерді теріске шығарып: «Сауд Арабиясы Йеменге басып кіргеннен кейін бүгінде халықаралық суларға Йеменнің оңтүстігіндегі лаңкестік топтар тарапынан қауіп төніп тұр»,-деді.
Хосейн Амир Абдуллахиан Қазақстанның елордасы Астана қаласында Сирия дағдарысына қатысты өткен келіссөздерді алға басылған қадам деп атап: «Сирияда жергілікті деңгейде атысты тоқтату бітімінің бұзылып, Астана бейбіт жобасының жеңіліс табатындығына әлі де алаңдаушылық бар, өйткені лаңкестер бейбітшілікке қарсы»,-деп мәлімдеді.
Қытайдың Ирандағы елшісі Пан Сен де осы кездесуде өз елінің Иранмен барлық салада қарым-қатынасты кеңейтуге дайын екенін айтып: «Екі елдің барлық деңгейдегі ынтымақтастығының үдерісі жақсы. Екі ел әртүрлі мәселелер бойынша ортақ ұстанымдарға ие»,-деді.