Иранның теңіз күшінің алдында дұшпандар қауқарсыз
(last modified Fri, 12 May 2017 09:36:20 GMT )
Maм 12, 2017 15:36 Asia/Almaty
  • Иранның теңіз күшінің алдында дұшпандар қауқарсыз

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы: «Иран армиясының әрдайым хабардарлығы мен теңіздегі теңдессіз қорғаныс қабілеті дұшпандарды бұрынғыдай сергелдең әрі қауқарсыз жағдайда ұстайды»,-деді.

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы сардар генерал-майор Мұхаммад Бағери Теһранда «Жүрдек кемелер» атты бесінші ұлттық форумның ашылу рәсімінде геосаяси және геостратегиялық ерекшеліктер мен артықшылықтарға ие болуды Иранның мықты тұсы деп атап: «Осы арада теңіздің орны бөлек. Исламдық Иран солтүстікте де, оңтүстікте де аймақ пен әлемдік күш теңгерімінде шешуші рөл атқаратын ең ұзын жағалауларға ие»,-деді. 

Теңіз саласы құрлық сияқты айрықша маңыздылыққа ие. Бүгінде Иранның Қарулы күштері теңізде де стратегиялық күш саналатындықтан, теңіздегі өзгерістерде шешуші рөл атқарады.

ИИР-ның халықаралық суларға қолжетімділігі елдің экономикалық байланыстарындағы айшықты ерекшелік саналады. Осындай жағдайда теңізде тұрақты қауіпсіздікті сақтауға Иран ерекше мән береді. Иран армиясы стратегиялық теңіз күштері мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңдессіз теңіз күштері халықаралық сулар мен аймақтық  айдындардағы теңгерімде маңызды рөл атқарады.

Иран армиясының Теңіз күштері халықаралық миссияларды атқару арқылы осы саладағы өзінің стратегиялық және тежегіш рөлін көрсетті. Иран армиясының теңіз күштері флотилиясының соңғы жылдары алғаш рет Суэц каналынан өтіп, Жерорта теңізінде болуы осы күштің ең үлкен шарасы болып табылады. Мұнымен қоса, Иран армиясы теңіз күштерінің 44-ші флотилиясы Африканың оңтүстігінен өтіп, алғаш рет Атлант мұхитына шықты. Иран армиясы теңіз күштерінің еркін сулар мен халықаралық айдындардағы құдіретті құзыры Иранның тежегіш қуатының нығайтылғанын көрсетеді. Бұл дұшпандардың теңізде іс-қимыл жасау жоспарын бұзды.

Парсы шығанағы аймағы теңіздегі өзгерістер саласында стратегиялық маңыздылыққа ие.  Бұл аймақ жағалау мен теңіздің болмыстық маңыздылығымен қоса,  әлемдегі мұнай мен газдың ең бай қорына ие. Әлемнің экономикасы мен энергетикасының орталығы Парсы шығанағы мен оның айналасындағы елдерде орналасқан.

Әлем саудасының 90 пайыздан астамы теңіз арқылы жүзеге асырылады. Осы маңызды жайтты ескере отырып, Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазы мұнай мен газ экспорттайтын және осы маңдағы елдер үшін тауар импорттайтын өткел болып отыр. Әлемдегі қуат көздерін тасымалдайтын ең маңызды жол Ормуз бұғазы Парсы шығанағының маңыздылығын бірнеше есе арттырды. Оның тұрақты қауіпсіздігі әлемге қуат көздерін тасымалдаудың кепілі болып табылады. Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштері Парсы шығанағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық рөл атқарады. Осы миссияның аясында Ормуз бұғазындағы сауда қарым‑қатынасы толығымен тыныш жағдайда өтеді. Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің әскери қуаты әртүрлі теңіз құралдарымен, соның ішінде жүрдек кемелермен жабдықталып, нығайтылғаннан кейін Парсы шығанағы стратегиялық аймағының қауіпсіздік коэффициенті артатын болады.    

 

Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қатысуымен Парсы шығанағында тұрақты қауіпсіздік сақталуда

Иран Қарулы күштерінің аймақтық және халықаралық суларда белсенді әрі қуатты түрде әрекет етуі ИИР-ның айбынын көрсетеді. Генерал-майор Бағеридің айтуынша, осы айбын мен тежегіш қуат дұшпандардың Иранмен теңізде соғысу ықтималының қаражатын арттырып отыр.