Ирандағы президенттік сайлауға үміткерлер уәделерін орындау қажеттігін қуаттады
Ирандағы президенттік сайлаудың 6 үміткері сенбі күні форумдар мен үгіт-насихат бағдарламаларында халыққа берген уәделері мен бағдарламаларын орындауға міндеттеме алғандарын қуаттады.
Хасан Рухани да Теһранда сайлауалды форумда: «Мен әлеуметтік қамсыздандыруға негізделген өмір салтына сенемін. Өткен төрт жылда Көмектесу және өмір сүру деңгейін жақсарту комитеті беретін жәрдемақы көлемі үш есе артты. Бұл жолды елде кедейшілік жойылғанға дейін жалғастыратын боламыз»,-деді.
Ибраһим Раиси Саадат Урумиеде миллиондаған жұмыс орнын ашуға болатынын және оның құқықтық қажеттілік екенін айтып: «Елде өтемпаздық пен мамандандырылған кадр мәселесі жоқ. Елдің проблемасы – атқарушы биліктің әлсіздігі»,-деді.
Мұстафа Ағамир Салим Хузистан облысында осы облыстың маңызды экономикалық, индустриалдық және табиғи әлеуеттеріне тоқталып: «Хузистан халқы бұл облыста өндірілетін мұнай мен газдан қоршаған ортаға зияннан басқа еш пайда көріп отырған жоқ. Осы улы газды жағудың алдын алу арқылы оны мұнай-химиялық өнімдер мен электр қуатын өндіруге жұмсап, жұмыс орындарын ашуға болады»,-деді.
Мұхаммад Бағер Қалибаф ИИР Телерадио бірлестігіндегі екінші арнаның «Арнайы сұхбат» бағдарламасында қымбатшылық, жұмыссыздық пен тоқырауды жою қажеттігін қуаттап: «Қазіргі кезде халыққа зиян тиігізіп жатқан ең маңызды мәселе – экономикалық дағдарыс»,-деді.
Исхақ Джаһангири де Теһранда сайлауалды форумында: «Иранның ең үлкен капиталы – оқыған жастар. Егер армандар мен құндылықтарды көздесек, жастардың соларға деген сенімін қалыптастыруымыз керек»,-деді.
Мұстафа Һашемитаба Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Туризм саласында жұмыс орындарын ашу арқылы халықты жұмыспен қамтуымыз керек. Туризм – жұмыс орындарын көптеп ашудың жақсы жолы»,-деді.