Иранның ІІМ сайлауда қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге дайын
Иранның Ішкі істер министрі: «Иранның жер-жерінде заңды, салтанатты және таза сайлау өткізу үшін қажет барлық жағдай әзір»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ішкі істер министрі Абдурреза Рахмани Фазли сенбі күні кешке Иран Телерадио бірлестігінің бірінші арнасына берген сұхбатында Иранда президенттік сайлау мен қалалық, ауылдық ислам кеңестерінің сайлауларында қауіпсіздік пен заңдылықты сақтау үшін барлық дайындық шараларының жасалғанын айтып: «Дауыс беру бюллетендерінде 14-ке жуық код жасалды. Бұл ешбір заң бұзушылыққа жол бермейді»,-деді.
Рахмани Фазли Эксперттер кеңесінің жаңа тәсілімен сайлауда дауыс берушілердің жеке тұлғасын анықтаудың электронды түрде жүзеге асырылатынын айтып: «80 млн ирандық жайлы мәлімет бар. Егер ұлттық код дұрыс болмаса, адамға дауыс беруге рұқсат етілмейді»,-деді.
Ол Иранның түкпір-түкпірінде 64 мың сайлау учаскесінің бар екендігіне тоқталып: «Биылғы сайлауға дауыс беру шарттарына сәйкес деп танылған 56 млн 500 мың адам қатыса алады. Иранның шекарасынан елдің ішіне дейін сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мойнына алған 300 мың қауіпсіздік қызметкерінен бөлек 160 мың адам сайлауда тәртіпті сақтауға жұмылдырылады»,-деді.