«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – Ираннан үркіту саясатын тарату жолындағы тосқауыл
Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуымен Батыстың Ираннан үркіту саясатының тиімділігінен айырылғанын мәлімдеді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Теһранда Батыстың әлемдіктерге Иранды бейбітшілікке қарсы деп көрсету талпыныстарына тоқталып: «Бұл саясат «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуымен тиімділігінен айырылды. Дұшпандар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бекітілместен бұрын Ираннан үркіту саясатын таратып, ИИР-н соғысқұмар және халықаралық бейбітшілікке қоқан-лоққы деп таныстырды. Бірақ, бүгін әлемдік қауымдастық Иранның болмысын түсініп, Ислам республикасын құрметтейтін болды. Дұшпандар қазір Ираннан үркіту саясатын жаңа тәсілдерімен жүргізгенімен, Иран халқы мен үкімет басшыларының қырағылығы дұшпандардың қастықтарына тосқауыл болады»,- деді.