Ирандағы тұрақты қауіпсіздіктің себебі халықтық болуында
(last modified Tue, 16 May 2017 15:31:07 GMT )
Maм 16, 2017 21:31 Asia/Almaty
  • Ирандағы тұрақты қауіпсіздіктің себебі халықтық болуында

Иран Қарулы күштері бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі Ирандағы тұрақты қауіпсіздіктің себебін оның халықтық және жергілікті болуы деп атады.

Иран Қарулы күштері бас қолбасшысының көмекшесі әрі аға кеңесшісі сардар Рахим Сафави Иран шекараларының әр жағындағы бейберекеттікке  сілтеме жасап: «Ирандағы қауіпсіздіктің көрсеткіштері халықтық және жергілікті болуы шекара сыртындағы бейберекеттіктің ел ішіне кіруіне бөгет болып отыр. Қауіпсіздік әрбір ел үшін ең маңызды мәселе және дамудың негізгі қажеттіліктеріне жатады. Дамыған елдер қауіпсіздікті өздерінің экономикалық және саяси мақсаттарын алға жылжытудың іргетасы етіп қалаған» деді.

Иран Қарулы күштері бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі дұшпандардың Иран халқымен қарсыласуының тоқтамайтындығына сілтеме жасап: «Кейде осы қоқан-лоққылар революцияға қарсы топтардың қарулы соғыстары түрінде, кейде басқыншылық соғыс, тікелей соғыс, кейде санкция салу түрінде болған. Иран халқының түрлі майдандарда болуы мен ислам республикасы тарихының күрделі кезеңдеріндегі құзыры дұшпандардың жеңілісіне себеп болды» деді.