Эксперттер мәжілісі Ирандағы сайлауларға байланысты мәлімдеме жариялады
Эксперттер мәжілісінің төрағасы 19 мамырда Иранда өтетін сайлауларға сілтеме жасап: «Сайлау күні Иран халқы исламдық жүйені сақтау және қорғау жолында бұрынғысынша жігерлі, сергек және бірлікте екендіктерін көрсетеді» деді.
Эксперттер мәжілісінің төрағасы аятолла Ахмад Жәннати мәлімдеме жариялап: «Иран халқы сайлауларға белсенді түрде қатысуы және шынайы атсалысуымен сан рет ғиззаттың көрінісі мен өздерінің жауапкершілікті сезетіндіктерін көрсеткен. Жұма күні де өздерінің діни, революциялық және ұлттық миссиясын атқаруға келеді» деп мәлімдеді.
Аятолла Жәннати сайлауларға саналы түрде қатысуға әзірленіп отырған Иран халқына алғыс айтып, сайлаудағы үміткерлерге халықтың күнкөріс мәселелерін қарсыласу экономикасын жүзеге асыру мақсатында басты бағдарға қоюды және жұмыспен қамту, өндірісті ұлғайту, тоқырау, жұмыссыздық пен қымбатшылық мәселесін шешу мен таптық алшақтықты азайту үшін нақты жоспар құру арқылы әрекет етуге кеңес берді.