Президенттік сайлау үміткерлерінің бағдарламалары жалғасуда
(last modified Wed, 17 May 2017 10:06:58 GMT )
Maм 17, 2017 16:06 Asia/Almaty
  • Президенттік сайлау үміткерлерінің бағдарламалары жалғасуда

Иранның 12-ші президенттік сайлауының үш үміткері – Ибрахим Раиси, Хасан Рухани мен Мұстафа Аға Мирсалим сейсенбі күні сайлауалды үгіт-насихаттарын жалғастырды.

Сейед Ибрахим Раиси Саадат Семнан облысында Иранның зиялылар, шәһидтердің отбасылары және адами күш қорымен бай ел екеніне тоқталып: «Әр үкімет өндіріс, жұмыспен қамту, елдің қазіргі қиындықтары және олардан шығу жолдарына қатысты бағдарламаға ие болуы керек»,- деді.

Хасан Рухани де Иранның оңтүстік-батысындағы Ахвазда Хузестан облысының ауасының ластығы  мен шаң-тозаңына тоқталып: «Иран халқының жүрегі Хузестанда. Біз шаң-тозаңды тоқтатуымыз керек. Сондықтан ұлттық жобаны іске асыру қажет. Мен 12-ші үкіметтің басты мәселелерінің бірінің Хузестан облысының қоршаған ортасы болатындығына уәде беремін»,- деп мәлімдеді.

Сейед Мұстафа Аға Мирсалим Қазвин университетінде сөйлеген сөзінде: «Иранның әлемдегі жағдайы туралы маңызды жайт өткен екі жылда ядролық мәселеге қатысты Иранның зұлымдыққа ұшырауының дәлелденуі болды. Менің пікірімше, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы шиеленісті және көптеген шешілмеген мәселелерге ие. Оны әртүрлі тұрғыдан сараптауға болады. Қай үкімет болмасан, оны орындауы керек»,- деді.

Иранның президенттік сайлауының үміткері Мұхаммад Бақер Қалибаф Ибрахим Раисиды, келесі  екі үміткер Исхақ Джахангири мен Мұстафа Хашемитаба Хасан Руханиды қолдады.