Иран шекарашылары кез-келген бейберекеттікке қатынас көрсетуге дайын
(last modified Wed, 17 May 2017 17:04:34 GMT )
Maм 17, 2017 23:04 Asia/Almaty
  • Иран шекарашылары кез-келген бейберекеттікке қатынас көрсетуге дайын

ИИР қоғамдық тәртіп күшінің Шекара қолбасшысы: «Иранның шекарашы күштері толық әзірлікпен кез-келген бейберекеттікке, әсіресе сайлаулар қарсаңында қатынас көрсетуге дайын» деді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Шекара күштерінің қолбасшысы бригада генералы Ғасем Резаи сәрсенбі күні Иранның шығысында Систан мен Балучистан облысында шекарашылардың толық дайындықта екенін және 19 мамыр, жұма күнгі сайлаулар қарсаңында Иран шекараларын барлап отырғанын қуаттап: «Иран шекарашыларының жауынгерлік және барлау жағынан дайындығын жоғарылатудың аймақтағы лаңкестік топтар үшін ауыр үндеуі бар» деді.

Сардар Ғасем Резаи лаңкестік топтарға Иран шекарашыларының қырағылық және толық дайындықпен Иран ислам республикасының қасиетті шекараларын қорғайтынын ескертті.

Иранның Шекарашы күштерінің қолбасшысы сондай-ақ Иранның шығысындағы шекарашылардың талпынысы мен аймақтағы содырлармен күрестегі дайындығына сілтеме жасап: «Иранның шекарашы күштері өздерінің аймақтағы шынайы талпыныстарымен бірге Пәкістан шекарашыларынан ортақ шекараларда болуды және жауапкершілікті қабылдауды шынайы түрде талап етеді» деді.