Maм 20, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Президент сайлауының алғашқы нәтижелері белгілі болды

Ирандағы президент сайлауының он екінші кезеңінің алғашқы нәтижелеріне сәйкес, сайлау үміткері Хасан Рухани 14 миллионнан астам дауыс жинады.

Иранның Орталық сайлау штабының төрағасы Али Асғар Ахмади бүгін, сенбі күні таңертең  Иран Телерадио бірлестігінің тікелей эфирдегі бағдарламасында тілшілердің алдында Ирандағы президенттік сайлауға халықтың 40 пайыздан астамының қатысқанына сілтеме жасап: "Жалпы саны 25 182 310 жиналған дауыстың ішінен 14 619 848 дауысты Хасан Рухани, 10 125 855 дауысты Ибраһим Раиси Садат, 297 276 дауысты Мұстафа Ағамир Салим және 139 331 дауысты Мұстафа Һашеми Таба жинады",- деп мәлімдеді.

 

Тегтер