Сауд Арабиясы Хизболлаға тілектестік білдіруді лаңкестік әрекет деп атады
Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жариялап, Хизболлаға тілектестік білдірудің лаңкестікке қарсы заң бойынша жазаланатынын мәлімдеді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігі жексенбі күні кешке Ливанның Хизболласына қатысты немесе сол топқа тілектестік білдірген әр адамның жазаланатынын мәлімдеді.
Сауд Арабиясының бұл жаңа шешімі бойынша, сол елде өмір сүретін барлық ливандық бұл заңға бағынуы тиіс. Сондықтан Сауд Арабиясында өмір сүретін кез келген адамның Хизболламен байланысы дәлелденсе сол елден шығарылады.
Араб елдерінің министрлері болып табылатын Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің мүшелері Тунис отырысы мен араб сыртқы істер министрлерінің жуырдағы Каир отырысында Ливанның Хизболла қозғалысын «лаңкестік ұйым» деп атауы әлемнің азаттық талап етушілері мен араб халықтарының наразылықтарымен бетпе-бет келді.