Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 20 May 2017 10:23:52 GMT )
Maм 20, 2017 16:23 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқының дауыс беру орындарына жаппай және салтанатты түрде қатысқанын маңызды деп бағалады.

Аятолла Мұхаммад Али Моваххеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазы кезіндегі құтпаларында Ирандағы президенттік, қалалық және ауылдық ислам кеңестеріне сайлаулардың өткізілгеніне сілтеме жасап: "Иран халқы дауыс беру орындарына еркін және толық қауіпсіздік жағдайында келді. Бұл мәселе аса маңызды саналады.

Иранда толық қауіпсіздік пен азаттық болған жағдайда әлемнің көптеген елдері Ирандағы сияқты қауіпсіз жағдайда өмір сүріп, біздің елдегі азаттық пен бостандыққа таңданады.

Ирандағы тыныштық пен бостандық Иран халқының бірлігі, иманы мен революцияшыл рухының арқасында пайда болды",- деп баса айтты.

Теһран жұма намазының имамы АҚШ президентінің өз елі мен одан тыс елдерде жек көрінішті болғанына сілтеме жасап: "АҚШ үкіметінің Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестік топтар мен сионистік режимді қолдау саясаттары Вашингтонның әлемде қорлыққа ұшырауына соқтырды",- деп мәлімдеді.