Аймақ елдері өздерінің Иранмен қатынастарын қайта қарауы керек
(last modified Sat, 20 May 2017 12:30:05 GMT )
Maм 20, 2017 18:30 Asia/Almaty
  • Аймақ елдері өздерінің Иранмен қатынастарын қайта қарауы керек

Иранның Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Бруджерди: «Иран халқының президент сайлауына ауқымды түрде қатысуынан кейін аймақ елдері өздерінің Иранмен қатынастарын түбегейлі түрде қайта қарайтын болады» деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Бруджерди бүгін, сенбі күні Иран Телерадио ұйымының «Хабар» арнасына берген сұхбатта: «Иран халқы сайлауға жаппай қатысуы арқылы экономикалық санкциялар салып, халықты тізе бүркітуді ойлаған дұшпандарға сес көрсетті. Батыс елдері Иран халқының сайлауға ауқымды қатысуының басқа үлгісінің жоқ екендігін мойындап, Иран халқына қарсы экономикалық соғыс ашудан күдерлерін үзеді» деді.

Ол сондай-ақ, Арабстанның исламдық 50 елдің басшыларын Америка тарихындағы ең жеккөрінішті президент Дональд Трамппен кездесу үшін шақырғанына тоқталып: «Америка Иранға әрдайым қиындық қалыптастыруды мақсат етіп келеді. Бірақ, Иран халқының сайлауларға қатысуы Американың қастандықтарын залалсыздандырды» деді.