Иран америкалық қырғи ұшақтардың Сирияға шабуылдарын айыптады
(last modified Sun, 21 May 2017 09:42:01 GMT )
Maм 21, 2017 15:42 Asia/Almaty
  • Иран америкалық қырғи ұшақтардың Сирияға шабуылдарын айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы америкалық қырғи ұшақтардың Сирияның оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылын айыптаумен қоса, бұл шабуылды Сирияның егемендігі мен аумақтық біртұтастығын әшкере түрде бұзу деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні: «Америкалық қырғи ұшақтардың Сирияның бейбіт тұрғындарына жасаған шабуылы халықаралық қауымдастықтағы тәуелсіз ел Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу болып табылады әрі АҚШ-тың халықаралық жүйеде біржақты саясат ұстанып, ресми түрде танылған халықаралық ережелерге немқұрайды қарап отырғанын көрсетеді»,-деді.

Қасеми шабуылдың соғыс майданындағы жағдайды өзгертіп, лаңкестерге уақыт ұту үшін жасалғанын айтып: «Шабуыл жалған сылтаумен АҚШ басшыларының ішкі және халықаралық сахнадағы қиындықтарын жасыру мақсатында жасалды. Бұл АҚШ үкіметінің аймақтың ішкі ісіне араласуының айқын үлгісі»,-деді.