Иран мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қарсыласу өзегі елдерінің ортақ саммиті өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i27262-Иран_мәжілісінің_ұлттық_қауіпсіздік_комитеті_мен_Қарсыласу_өзегі_елдерінің_ортақ_саммиті_өтті
Теһранда Иранның исламдық кеңес мәжілісінің сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге Қарсыласу өзегі елдерінің қатысуымен екінші ортақ саммит өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 21, 2017 16:52 Asia/Almaty
  • Иран мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қарсыласу өзегі елдерінің ортақ саммиті өтті

Теһранда Иранның исламдық кеңес мәжілісінің сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге Қарсыласу өзегі елдерінің қатысуымен екінші ортақ саммит өтті.

Саммитті басқарған Иранның исламдық кеңес мәжілісінің сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Алаэддин Бруджерди ИИР-ның саясатын ислам және батыс елдерімен жақсы қарым-қатынасқа ие болу деп атады.  

Ол Оман, Ирак, Сирия, Ливан, Палестина, Алжир және Тунис елдерінің елшілері қатысқан саммитта Сауд Арабиясының мүбәрак рамазан айы қарсаңында Йеменнің бейкүнә халқын қыруды доғаруына, саяси талпыныстар арқылы осы мәселенің шешім жолының табылуына үміт білдірді.

Сауд Арабиясы Америка мен өзінің батыс және араб одақтас елдерінің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бері Йеменге соғыс ашып, Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд Раббу Мансур Хадиды қайтару деген сылтаумен осы елді құрлықтан, теңізден және әуеден қоршауға алды.