Иран – лаңкестікке қарсы күрестің туын көтеруші
ИИР Президенті Хасан Рухани президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін жергілікті және шетелдік журналистермен өткізген бірінші баспасөз отырысында Иранды лаңкестікке қарсы күрестің көшбасшысы деп атап, Сауд Арабиясындағы басқосуды саяси спектакль деді.
Рухани дүйсенбі күні өткен баспасөз отырысында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясында кейбір араб елдерінің басшыларымен өткізген бірнеше күн бұрынғы отырысы мен Иранды лаңкестікті қолдаушы деп айыптауы туралы: «Риядтағы отырыс спектакль болды. Оның саяси құны жоқ. Сауд Арабиясы осыған дейін де соған ұқсас басқосулар ұйымдастырған. Өйткені, лаңкестікпен күрес бір елдің алпауыт бір елге ақша беріп, бір отырыс өткізуімен шешілмейді»,- деді.
Иран Президенті аймақтағы ДАИШ лаңкестік тобын кім құрды және бұл топпен кім күресуде деген сұрақ қойып, Иран, Сирия, Ирак, Ливан Хизболласы мен Ресейді лаңкестікке қарсы күрестің шынайы майданы деп атап: «Лаңкестерді қолдап, оларға ақша бергендер лаңкестікпен күресу туралы уәж айта алмайды. АҚШ үкіметі еш уақытта лаңкестермен күрескен емес. Алайда, АҚШ халқы лаңкестерге қарсы»,- деді.
Риядтағы араб-америкалық отырыс аймақтың қазірі жағдайын бұрыс көрсетуді көздеді. Иран Президенті әлемнің әртүрлі ақпарат агенттіктерінің камераларының алдында бұл жағдайда дұрыс сипаттады. Лаңкестікті кімнің қолдап, олармен кімдердің күресетіндігі баршаға айқын. Кейбір араб үкіметтерінің Риядта жиналып, Сауд Арабиясының лаңкестікке қарсы күресіндегі жасанды рөлін сырт көз үшін қолдап, сол жиынға Трамптың қатысуы еш уақытта шағым түсіруші мен айыптаушының мәселесін шешпейді.
Қазіргі кезде Сирия мен Ирак пент басқа да елдердің халықтары Сауд Арабиясы мен АҚШ құрған лаңкестіктің құрбандары болып отыр. АҚШ-тың бұрынғы үкіметі АҚШ-тың аймақтағы өз мақсаттарына жету үшін ДАИШ-ты құрғанын мойындады. Бұл мойындаулар Вашингтонның Таяу Шығыс аймағында дұшпандық және шапқыншы саясат ұстанатынын көрсетеді. АҚШ үкіметі қазіргі жағдайда Иран Президенті айтқандай лаңкестікпен күреске қосылмайды.
Трамптың Риядтағы отырысқа қатысуы және саудиялық долларлардың АҚШ-тың қару шығаратын компанияларына түсуі лаңкестікке қарсы күреске көмектеспейді. Бүгін АҚШ-тың қарулары Сирия мен Ирактағы лаңкестердің ықтиярында. Сауд Арабиясы бұл қарулармен екі жылдан астам уақыт бойы Йеменнің жазықсыз халқын қыруда. Сондықтан Риядтағы лаңкестікпен күресу туралы айтылған ұран күлкілі. Қазіргі таңда лаңкестіктің әртүрлі түрімен шынайы күресушілер Сирия, Ирак және аймақтағы басқа елдердің халықтары мен Иран, Ливанның Хизболласы мен Ресей саналады.