«Бейт ул-Мұқаддас-29» жаттығуларында ирандық «Мохаджер-2» ұшқышсыз ұшағы ұшырылды
https://itolqyn.com/news/iran-i27370-Бейт_ул_Мұқаддас_29_жаттығуларында_ирандық_Мохаджер_2_ұшқышсыз_ұшағы_ұшырылды
ИИР армиясының құрлық күштері жаттығуларының Исфаһандағы қорытынды кезеңінің басталуымен бір мезгілде ирандық «Моһаджер-2» атты ұшқышсыз басқарылатын ұшағы жаттығу өткізіліп жатқан аймақтың көгінде ұшуымен қатар стратегиялық аймақтарды бейнеге түсіріп, алынған мәліметтер мен түсірілген суреттерді сол заматта жаттығуларды өткізіп, жетекшілік жасап отырған басшылыққа жіберді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 24, 2017 22:41 Asia/Almaty
  • «Бейт ул-Мұқаддас-29» жаттығуларында ирандық «Мохаджер-2» ұшқышсыз ұшағы ұшырылды

ИИР армиясының құрлық күштері жаттығуларының Исфаһандағы қорытынды кезеңінің басталуымен бір мезгілде ирандық «Моһаджер-2» атты ұшқышсыз басқарылатын ұшағы жаттығу өткізіліп жатқан аймақтың көгінде ұшуымен қатар стратегиялық аймақтарды бейнеге түсіріп, алынған мәліметтер мен түсірілген суреттерді сол заматта жаттығуларды өткізіп, жетекшілік жасап отырған басшылыққа жіберді.

«Моһаджер-2» ұшқышсыз басқарылатын ұшағы – өткен жылы «Ұлық пайғамбар-28» жаттығуларында тұсауы кесілген «Сираф» ұшағының жетілдірілген нұсқасы.

ИИР армиясы құрлық күштерінің «Бейт ул-Мұқаддас-29» жаттығулары Исфаһанның Насрабад аймағында Хорамшахрдың жеңісінің 35 жылдығымен бір мезгілде басталды.