Иран ислам елдерімен полиция қызметі саласында тәжірибе алмасуға дайын
(last modified Thu, 25 May 2017 14:06:36 GMT )
Maм 25, 2017 20:06 Asia/Almaty
  • Иран ислам елдерімен полиция қызметі саласында тәжірибе алмасуға дайын

Иранның Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшысы: «ИИР Тәртіп сақтау күштері бүкіл елдермен барлық салаларда, әсіресе ұйымдасқан қылмыстармен күрес саласында әріптестік жасауға дайын»,-деді.

Иранның Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшысы сардар Хосейн Аштари Теһранда Индонезияның Ұлттық полициясының басшысы генерал Тито Карнавианмен кездесуінде: «Өкінішке орай, кейбір елдердің исламның бейнесін бұзуға бағытталған сұрқия жоспары лаңкестік топтарды, соның ішінде ДАИШ-ты құру болды. Әлемнің үстемшіл елдері әрдайым исламның рақымды бейнесіне сызат түсіруді көздейді. Полиция дұшпандарға осы саладағы мақсаттарына жетуіне жол бермеуі керек»,-деді.

Иран полициясының басшысы өз елінің ислам елдерімен, соның ішінде Индонезиямен полиция қызметі саласында тәжірибе алмасуға дайын екенін қуаттап: «Иран дос әрі мұсылман Индонезия елімен лаңкестік және есірткі заттармен күрес, сондай-ақ, кибер кеңістік саласындағы өз тәжірибесімен бөлісе алады»,-деді.

Индонезияның Ұлттық полициясының басшысы генерал Тито Карнавиан да осы кездесуде Иран полициясының екіжақты әріптестік және тәжірибе алмасу саласындағы ізгі ниетіне алғысын айтып: «Иран бір ислам елі ретінде Индонезияның қауіпсіздігін арттыруға көмектесуде өте маңызды рөл атқарады. Осы уақытқа дейін ешбір салада өз көмегін аяған емес»,-деді.