Иран халқы дұшпандарды бағынуға мәжбүрледі
ИИР-ның Қорғаныс министрі Сардар Дехқан: «Иран халқы өз құдыретін дұшпандарға танытып, оларды бағынуға мәжбүрледі»,- деді.
Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Дехқан: «Иранның ұлы халқы әрқашан дұшпанның ойында күшті әрі құрметке лайық. Өйткені, өздерінің мақсаттарын қорғауды көздейді. Исламдық Иран қазіргі таңда әртүрлі әскери құралдар жасап, ең жоғары әскери орында орналасқан. Егер әлемнің географиялық мекендерінің бірінде демократия ең жақсы түрде іске асырылған болса, ол – Иран Ислам республикасы»,- деп қуаттады.
Иранның Қорғаныс министрі аймақ елдерінің басшыларына: «Өздеріңнің халықтарыңды қабылдап, қолдарыңдағыны солар үшін жұмсаңдар. Өйткені, алпауыт үкіметтерге қызмет етудің пайдасы жоқ. Олар сендердің биліктеріңді өз мүдделерін қамтамасыз ету үшін ғана қорғайды»,- деді.