Рухани исламдық елдердің басшыларын қасиетті рамазан айының басталуымен құттықтады
Иран Президенті исламдық елдердің басшыларына арнаған жеке жолдауларында оларды қасиетті рамазан айының басталуымен құттықтады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ИИР Президенті Хасан Рухани жеке жолдауында исламдық елдердің басшыларын қасиетті рамазан айының басталуымен құттықтап, олардан дұшпандардың Исламға қарсы әрі Исламнан үркіту саясаттарына қарсы тұруды сұрады.
Хасан Руханидің жолдауының бір бөлімінде: "Исламдық елдердің басшылары, ойшылдары мен діни үлемдерінің бұл илаһи қасиетті айдағы міндеттері ислам дінінің жоғары мақсаттарын пайдаланып, іс-әрекеттерінде бұл рақымды діннің шынайы жүзін көрсетіп, ислам дұшпандарының Исламнан үркіту саясатына қарсы тұру болып табылады. Берекеге толы бұл қасиетті айда барлық мұсылмандардың Алланың жақсылығы мен берекесіне бөленіп, бірлігі және ынтымақтастығымен бейбітшілік, тыныштық және қауіпсіздік орнату саласында, сондай-ақ мұсылмандардың жарқын келешегі үшін бұрынғыдан көбірек талпыныс жасайтындықтарына үміттенемін",- деп жазылған.