Исламды жандандыру саласында имам Хомейнидің жетекшілігі рөл атқарды
Иранның Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде имам Хомейни басқарған Ислам революциясының орын алуын қасиетті Ислам діні мен революцияның негіздеріне сүйенген исламдық оянуға себеп болды деп бағалады.
Хордад айының 14 – ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болған күнінің 28-ші жылдығы мен хордад айының 15 – хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1342-ші жылы болған халықтық көтерілістің жылдығына арналған Иран Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: «1963-ші орын алған 15-хордад көтерілісі және Пехлеви режимінің күйреуі мен Ирандағы АҚШ билігінің аяқталуы билеп-төстеушілер мен әлемдік үстемшілердің арасында үрей тудырды»,- деп баса айтылды.
Бұл мәлімдемеде Ислам революциясының ұлттық, аймақтық және әлемдік жетістіктеріне тоқталып: «Сындарлы әрі билікқұмарлыққа қарсы діни жүйені нығайту, қарсыласу және исламдық ояну майданын құрып, әлемдік билік теңгерімінің өзгерту Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісінің қырағылығы және Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейнидің иләһи идеологиясының нәтижесінің аясында мүмкін болды. Иранның қорғаныс өнеркәсібі аймақ пен әлемнің жағдайын, әсіресе ДАИШ такфиршіл сионистік топтың қауіпсіздікке қарсы әрекеттері мен билікқұмар елдер мен олардың аймақтағы одақтастарының жасырын және әшкере жобаларын дұрыс түсініп, ұлттық күш-қуат пен қауіпсіздікті күшейтіп, Иранның алға ілгерілеуіне кепілдік беру үшін күшін аямайды»,- деп қуаттады.