Иран Анкарадағы лаңкестік қимылдарды айыптады
Нау 14, 2016 23:13 Asia/Almaty
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Түркия астанасы Анкарадағы жуықтағы лаңкестік қимылдарды айыптады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари өз мәлімдемесінде Иран ислам республикасының атынан Анкарадағы лаңкестік қимылдарда құрбан болғандардың отбасылары мен Түркия халқы және үкіметінің қайғысына ортақтастық білдіріп, көңіл айтты.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы: «Аймақ пен әлемнің түрлі жерлерінде үсті-үстіне лаңкестік қимылдардың орын алуы әлемдік қоғамдастыққа ортақ қауіп ретінде лаңкестік пен әсірешілдікке бірлік және тұтастықпен тосқауыл қоюдың қажеттілігін растайды» деп мәлімдеді.
Тегтер