15 хордад – Иран халқының ұлы исламдық қозғалысының бастамасы
(last modified Mon, 05 Jun 2017 09:11:32 GMT )
Маусым 05, 2017 15:11 Asia/Almaty
  • 15 хордад – Иран халқының ұлы исламдық қозғалысының бастамасы

Бүгін, дүйсенбі 15 хордад, сәйкесінше 2017 жылдың 5 маусымы х.ш.ж.с.б. 1342 жылы (1963 жылы) имам Хомейни жасаған тарихи көтеріліс күнінің жылдығына сәйкес келеді.

1342 жылы болған 15 хордад көтерілісі (1963 жылы маусымда) Ислам революциясының тарихында бетбұрыс нүктесі болып, Иран халқының ұлы исламдық қозғалысының бастамасына айналды.

54 жыл бұрын шах режимі мен АҚШ-тың исламды жойып, Иранды тонауға бағытталған шаралары имам Хомейниді маңызды мәлімдеме жасап, олардың сұрқия жоспарларын әшкерелеуге итермеледі.

Пехлеви режимі қауіпсіздік күштерінің қысымы мен дінбасыларға мұхаррам айында Израиль режимінің қылмыстары мен исламға қауіп төндірген қатерлер жайлы сөз сөйлеуге тыйым салғанына қарамастан, деспотизммен күресте берік те табанды екенін көрсеткен имам Хомейни 1963 жылдың 13 хордадында Пехлеви режиміне қарсы өткір сөздер айтты.

Хазірет имам Хомейнидің баяндамасынан кейін қауіпсіздік күштері оны ұстап, түрмеге қамады. Алайда имам Хомейнидің қамауға алынуы және бұл хабардың халықтың құлағына жетуі 1963 жылы 15 хордадта Пехлеви режиміне қарсы ауқымды халықтық көтерілістің қалыптасуына себеп болды.

Пехлеви режимінің күштері халықты көбірек үрейлендіру мақсатында Құмда орналасып, көтерілісті қатты басып-жаншуға тырысты. Алайда 15 хордад көтерілісі Иранның басқа қалаларына да таралып, шерулерде көптеген адам шәһид болды.