Халықтың сайлауға жаппай қатысуы дұшпанның талпыныстарын залалсыздандырды
https://itolqyn.com/news/iran-i27802
ИИР Президенті Рухани халықтың мамырдың 19 күні өткен президенттік сайлауға жаппай қатысуына тоқталып, қоғамдағы бірлікті нығайтып, елдің жоғары мақсаттарына жету үшін баршаның талпыныс жасауын сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 07, 2017 21:07 Asia/Almaty
  • Халықтың сайлауға жаппай қатысуы дұшпанның талпыныстарын залалсыздандырды

ИИР Президенті Рухани халықтың мамырдың 19 күні өткен президенттік сайлауға жаппай қатысуына тоқталып, қоғамдағы бірлікті нығайтып, елдің жоғары мақсаттарына жету үшін баршаның талпыныс жасауын сұрады.

ИИР Президенті Хасан Рухани  сейсенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы және өкілдерімен бірге өткізген ауызашарда 12-ші президенттік сайлауды илаһи рақымдылықтың жаңбыры деп сипаттап: «Халықтың сайлауға жаппай қатысуы дұшпанның Иранға қысымды арттыру талпынысын залалсыздандырды. АҚШ Президенті аймаққа сапармен келіп, кейбір мемлекеттердің басшыларын жинады. Олардың негізгі мақсаты Иран халқына қысым жасау болды. Бірақ Иран халқы тарихи мұрсатты пайдаланып, дауыс беруге жаппай қатысып, қара ниеттілерге жақсы жауап берді. Ислам революциясының жетекшісі  қырағылығымен сайлауды дұрыс жолға нұсқап, халық сайлауға жаппай қатысып, әлем деңгейінде Иран үшін қауіпсіздік, тыныштық және айбындылық қалыптастарды»,- деді.