Үстемшіл жүйе Иран халқының жігеріне әсер етуде сәтсіздікке ұшырады
(last modified Thu, 08 Jun 2017 13:25:51 GMT )
Маусым 08, 2017 19:25 Asia/Almaty
  • Үстемшіл жүйе Иран халқының жігеріне әсер етуде сәтсіздікке ұшырады

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи қасиетті Рамазан айының он екінші жұлдызында Иран университеттерінің студенттерін қабылдауында Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға тоқталып: "Иран халқы алға қарай әрекет етіп келеді. Лаңкестік әрекеттер халықтың ерік-жігеріне әсер етпейді.

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының шамамен өткен қырық жыл ішіндегі үстемшіл жүйенің Ислам Республикасына қарсы әртүрлі астыртын әрекеттеріне қарсы табандылық танытып келе жатқанына сілтеме жасады. Иранның Ирактың бұрынғы режиміне қарсы сегіз жылдық соғыс ашып, жаппай санкция салу, әртүрлі террорлар ұйымдастырып, тәуелсіз Иранды қиындықтарға ұшырату үстемшіл жүйенің жүзеге асырған астыртын әрекеттері болды. Мұның барлығы халық пен басшылардың ерік-жігерінің арқасында сәтсіздікке ұшырады. Сәрсенбі күні Теһранда орын алған оқиғалар да үстемшіл жүйенің астыртын әрекеттерінінің қатарына жатады. Бұл ИИР-на қарсы бұрын жасалған қастандық әрекеттердің ішіндегі ең кішісі саналады.

Теһран кеше, маусым айының жетісі күні имам Хомейнидің (р) кесенесі мен Ислам кеңесі мәжілісінің ғимаратында екі лаңкестік шабуылға куә болды. Бұл оқиғалар қауіпсіздік күштерінің жылдам реакциясы мен лаңкестердің өлімімен аяқталды. Лаңкестік шабуыл салдарынан Иранның 13 азаматы шәһид болып, 43 адам жарақат алды.

Теһрандағы лаңкестік шабуылдар әлемдік реакцияларды тудырып, әсіресе БҰҰ бас хатшысынан бастап Еуропа, аймақ пен көршілес елдер шабуылдарды айыптап, әлемнің бірігуі мен шешімінің лаңкестікпен күрестің жалғыз жолы екенін баса айтты. Бұл тақырыпты Иран такфиршіл лаңкестердің Сирия мен Иракта орналасқан кезінен бері сан рет баса айтқан болатын. Иран қайнар көзі саудиялық ваххабизм, ал қаржылай және әскери көзі кейбір араб елдерінің мұнайдан түсетін долларлары мен АҚШ-тың қару-жарағы болып табылатын Сириядағы жалдамалы лаңкестермен күресте маңызды рөл атқарады.

Иран Ислам Республикасы Сирияда заңды үкіметтің құрылуын талап етіп бұл елдегі лаңкестермен күресуде. Иран бүлікке толы қауіпті аймақтағы тұрақты арал саналады. Теһрандағы бірнеше лаңкестік шабуыл секілді әрекеттер бұған еш зиянын тигізе алмайды. Бұл шабуыл Иранның аймақтағы лаңкестікпен шынайы әрі дұрыс күресіп жатқанын дәлелдейді. Бүгінгі күні Сирия мен аймақтағы лаңкестік бүлік тәуелсіз мемлекеттердің қауіпсіздігін нысанаға алған. Лаңкестіктің етек жаюында рөл атқаратындар АҚШ-пен келісімге келгендіктен бұл елдің қолдауыне ие болып отыр.

Сауд Арабиясы бірнеше жылдан бері шапқыншылық саясат қолданып, лаңкестікке демеу жасайтындықтан аймақта қауіпсіздік орнатуда теріс рөлге ие. Осындай жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылдың мамыр айының басында Риядқа жасаған сапарында саудиялықтардың долларларын иемдену мақсатында құны 110 миллиард долларлық әскери келісімге қол қою арқылы Сауд әулеті режимінің аймақ пен Иранға қарсы әрекеттеріне қолдау көрсетті.

Сол себепті Теһранда орын алған лаңкестік шабуылдардың тамырын осы шеңберде бағалауға болады. Иран тәуелсіз әрі ешбір шетелдік алпауыт елге бағынынышты емес мемлекет ретінде лаңкестікпен күресуде. Ислам революциясы жетекшісінің сөзі бойынша, лаңкестер мен олардың демеушілері Иран халқының еркіне әсер ете алмайды.