Америка лаңкестікті құрал ретінде пайдалануда
https://itolqyn.com/news/iran-i27840
ИИР-ның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғарғы Кеңесінің хатшысы Али Шамхани Американың лаңкестік топтарды аймақта құрал ретінде пайдаланып отырғанын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 08, 2017 21:14 Asia/Almaty
  • Америка лаңкестікті құрал ретінде пайдалануда

ИИР-ның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғарғы Кеңесінің хатшысы Али Шамхани Американың лаңкестік топтарды аймақта құрал ретінде пайдаланып отырғанын айтты.

Али Шамхани франциялық Le Figaro басылымына берген сұхбатта: «Америка өзінің стратегиялық мақсаттарын ілгерілету үшін лаңкестік топтарды құрал ретінде пайдалануда. Американың Сирия мен одақтастары күштерінің позицияларына шабуылдары ДАИШ-ты қолдау мақсатында жасалуда» деді. Шамхани ДАИШ-тың Иранға қатері туралы да ескертіп: «ДАИШ аймақтағы кейбір елдердің басқа елдерге қоқан-лоққы жасайтын құралына айналды. ДАИШ-ты "қоректендіретін тәкфірлік идеяны өндіретін зауыт" Сауд Арабиясында орналасқан» деді.