Тәртіп сақшылары Иран халқының қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға әзір
(last modified Fri, 09 Jun 2017 01:41:32 GMT )
Маусым 09, 2017 07:41 Asia/Almaty
  • Тәртіп сақшылары Иран халқының қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға әзір

Иранның Тәртіп сақшылары ирандықтардың қауіпсіздігі мен олардың тыныштықтарын айбын және табандылықпен қорғауға толығымен әзір екендіктерін қуаттады.

Иранның Тәртіп сақшылары мәлімдеме жариялап, лаңкестер мен олардың демеушілеріне Иран халқын қауіпсіздіктен айыруға рұқсат бермейтіндіктерін қуаттап: «Теһрандағы лаңкестік әрекет мұндай жабайы әрекеттердің Иран халқының ерік-жігерін еш жасытпауымен қатар, керісінше, Иран халқының діни және ұлттық құндылықтарын қорғау ниетін арттыра түсетінін көрсетті. Лаңкестермен қарсыласуда Иранның Тәртіп сақшылары мен әскери, қауіпсіздік және барлау ұйымдары күштерінің қырағылық және үйлесімділікпен жылдам әрекет етуі жалдамалы топтар мен олардың қолдаушыларына сабақ болып, баршаның таңданысын тудырды» деді.