Сақшылар корпусы лаңкестерден кек алады
Ислам революциясының Сақшылар корпусы қолбасшысының орынбасары Сардар Салами сәрсенбі күнгі Теһрандағы лаңкестік шабуылдарды айыптап: "Сақшылар корпусы лаңкестерден шындап кек алуды көздеп отыр",- деді.
Бригада генералы сардар Хосейн Салами бейсенбі күні кешке Иран телеарнасына берген арнайы сұхбатында: "Ислам революциясының Сақшылар корпусы Иранның қауіпсіздігіне қатысты ешкімнің алдында сыпайылық сақтамай, сәрсенбі күнгі лаңкестік әрекеттерге жауапты адамдар мен орындаушылардан кек алады",- деп мәлімдеді.
Сардар Салами Теһрандағы лаңкестік шабуылдардың АҚШ, Сауд әулеті және сионистік режимдердің ортақ жоспары екенін айтып: "Иран – оның қауіпсіздігіне қауіп төндіргісі келген адамдардың қабірі.
ИИР жүйесінің табыстарына қарсы саудиялықтар тек лаңкестерді тартып, араға жік салып, теріс бұрмаланған идеология таратудан басқа ешнәрсе жасамайды.
Сауд Арабиясы – Иранға қарсы жоспарлардың құрылатын мекені, бірақ саудиялықтар олардың армандарының ешқашан орындалмайтынын білгені жөн",- деді.