Сақшылар корпусы лаңкестерден кек алады
https://itolqyn.com/news/iran-i27860-Сақшылар_корпусы_лаңкестерден_кек_алады
Ислам революциясының Сақшылар корпусы қолбасшысының орынбасары Сардар Салами сәрсенбі күнгі Теһрандағы лаңкестік шабуылдарды айыптап: "Сақшылар корпусы лаңкестерден шындап кек алуды көздеп отыр",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 09, 2017 17:21 Asia/Almaty
  •  Сақшылар корпусы лаңкестерден кек алады

Ислам революциясының Сақшылар корпусы қолбасшысының орынбасары Сардар Салами сәрсенбі күнгі Теһрандағы лаңкестік шабуылдарды айыптап: "Сақшылар корпусы лаңкестерден шындап кек алуды көздеп отыр",- деді.

Бригада генералы сардар Хосейн Салами бейсенбі күні кешке Иран телеарнасына берген арнайы сұхбатында: "Ислам революциясының Сақшылар корпусы Иранның қауіпсіздігіне қатысты ешкімнің алдында сыпайылық сақтамай, сәрсенбі күнгі лаңкестік әрекеттерге жауапты адамдар мен орындаушылардан кек алады",- деп мәлімдеді.

Сардар Салами Теһрандағы лаңкестік шабуылдардың АҚШ, Сауд әулеті және сионистік режимдердің ортақ жоспары екенін айтып: "Иран – оның қауіпсіздігіне қауіп төндіргісі келген адамдардың қабірі.

ИИР жүйесінің табыстарына қарсы саудиялықтар тек лаңкестерді тартып, араға жік салып, теріс бұрмаланған идеология таратудан  басқа ешнәрсе жасамайды.

Сауд Арабиясы – Иранға қарсы жоспарлардың құрылатын мекені, бірақ саудиялықтар олардың армандарының ешқашан орындалмайтынын білгені жөн",- деді.