Дұшпандар террор арқылы Иран халқын үмітсіздендіре алмайды
(last modified Sat, 10 Jun 2017 09:10:52 GMT )
Маусым 10, 2017 15:10 Asia/Almaty
  •  Дұшпандар террор арқылы Иран халқын үмітсіздендіре алмайды

Революция жетекшісі кеңсесінің басшысы Мохаммад Мохаммади Гольпайгани Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға АҚШ президенті Дональд Трамптың Риядқа сапары себеп болды деп: "Бұл сапар барысында Иранға соққы беру үшін астыртын әрекеттер жоспарланған болатын",- деді.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің басшысы осы рәсімде айтқан сөзінде: "Жуырдағы лаңкестік шабуылдар лаңкестердің Иранның діни демократиясының негізгі бағыттарына шоғырланғанын көрсетеді",-деді.

Али Лариджани бүгінде Иранның екі түрлі ДАИШ-пен күресіп жатқанына тоқталып: "Бүгінгі таңда біз аймақтық және халықаралық ДАИШ-пен бетпе-бет келіп отырмыз. Лаңкестікті тамырымен жойғысы келетін адамдардың халықаралық ДАИШ, яғни АҚШ-пен күресуден басқа шарасы жоқ",- деді.

Ислам кеңесі мәжілісінің басшысы АҚШ Сенатының жуырда қабылдаған қаулысына тоқталып: "Бұл қаулы лаңкестерге қолдау көрсетіп, Иранға қарсы жаңа санкциялар салу мақсатында бекітілді.

Бүгінде америкалықтар тым шектен шығып отыр. Себебі, Сақшылар корпусы мен Құдс күштері лаңкестікке қарсы аймақтық күштер саналады. Ал АҚШ-тың бұл әрекеті оның аймақтық лаңкестермен бірге екенін көрсетеді",- деді.