Иран әрқашан лаңкестермен күрес шебінің алдында болды
https://itolqyn.com/news/iran-i28032-Иран_әрқашан_лаңкестермен_күрес_шебінің_алдында_болды
ИИР Президенті Рухани: «Иран Ислам революциясының жеңісінің алғашқы күндерінен бері сұм лаңкестік құбылысымен кезігіп, мыңдаған азаматы шәһид болып, әрқашан лаңкестермен күрес шебінің алдында болды»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 14, 2017 19:48 Asia/Almaty
  • Иран әрқашан лаңкестермен күрес шебінің алдында болды

ИИР Президенті Рухани: «Иран Ислам революциясының жеңісінің алғашқы күндерінен бері сұм лаңкестік құбылысымен кезігіп, мыңдаған азаматы шәһид болып, әрқашан лаңкестермен күрес шебінің алдында болды»,- деді.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани сейсенбі күні Мәдени революция жоғары кеңесінің  отырысында 17 адамның қаза болуы мен 52 адамның жарақат алуына себеп болған маусым айының 7 күні  Теһранда орын алған лаңкестік әрекетке тоқталып: «Сыртқа өздерін адам құқығының қолдаушылары етіп көрсететін үкіметтер әрқашан лаңкестерге пана беріп, оларға қолдау көрсеткен жағдайда Иран әрқашан лаңкестермен күресу шебенің алдында болды»,- деп қуаттады.

Рухани Иранның қауіпсіздік және барлау күштерінің арқасында көптеген лаңкестік әрекеттердің анықталғаны және оларға тосқауыл қойылғанына тоқталып: «Жалдамалы бірнеше лаңкестің жазықсыз адамдарды өлтіруі – қорқақтың ісі. Бұл әрекет халықтың қылмыскерлерді жоюға көбірек дайын болуына жағдай тудырады»,- деді.