Сауд Арабиясы лаңкестердің қаржылай демеушісі
ИИР-ның Барлау министрі сәрсенбі күні кешке Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Балучистан облысының Чабаһар қаласында бір лаңкестік топтың көзі жойылғаны туралы хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР-ның Барлау министрі Махмұд Алави: "Имам Заман атындағы сарбаздардың Чабаһардағы лаңкестік топты жою мақсатындағы әскери амалдары барысында екі лаңкес қаза болып, тағы бес адам құрықталды.
Амалдар кезінде имам Заман атындағы сарбаздардың біреуі шәһид болды. Сонымен қатар, Иранның батысында орналасқан Күрдістан облысында да тағы бір лаңкестік топ анықталып, көзі жойылды",- деді.
Иран Барлау министрі Сауд Арабиясын лаңкестік топтардың қаржылай демеушісі деп атап: "Сауд Арабиясы Иранда лаңкестік әрекеттер жасау үшін көрші елдерден көптеген адамдарды жалдаған.
Чабаһарда құрықталған бес лаңкестің екеуі көрші елдердің азаматтары саналады",- деп мәлімдеді.