Иранның оңтүстік-шығысында тағы бір лаңкестік топтың көзі жойылды
(last modified Fri, 16 Jun 2017 12:47:21 GMT )
Маусым 16, 2017 18:47 Asia/Almaty
  • Иранның оңтүстік-шығысында тағы бір лаңкестік топтың көзі жойылды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық әскерінің бейсенбі күнгі амалдарының нәтижесінде Иранның оңтүстік-шығысында тағы бір лаңкестік топтың көззі жойылды.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" құрлық күштерінің штабы өз баяндамасында: "Систан мен Балучистан облысындағы Қасрқанд жоталарында бір лаңкестік топтың орналасқаны туралы мәлімет келіп түскеннен кейін "Құдс" күштерінің бөлімшелері бейсенбі күні сол аймаққа аттандырылып, аймақты қоршауға алып, лаңкестер орналасқан мекенді нысанаға алды",- деп мәлімдеді.

Осы хабарламаға сәйкес, операциялар барысында бірнеше лаңкес қаза тауып, бірқатары жарақаттанған. Әскери операциялар кезінде 600 килограмм жарылғыш заты бар бомба орнатылған бір автокөліктің көзін жоюмен қатар, бес бомба мен 700-ден астам жарылғыш зат және он мыңдаған оқ-дәрі мен қару-жарақ және т.б. заттар "Құдс" күштерінің қолына түсті.

Осы әскери операцияларды орындау барысында "Құдс" құрлық күштері штабы баяндамасында: "Лаңкестікке қарсы амалдар жарақаттанған басқа лаңкестердің көзін толық жойғанша жалғасады. Ол іске қатысты қосымша мәлімет кейін хабарланады",- деп жазды.