Иран мен Қытай ортақ теңіз жаттығуын өткізеді
https://itolqyn.com/news/iran-i28124-Иран_мен_Қытай_ортақ_теңіз_жаттығуын_өткізеді
Иран мен Қытай армияларының теңіз күштері жексенбі күні Ормұз бұғазы мен Оман теңізінде ортақ жаттығу өткізеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 17, 2017 23:23 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытай ортақ теңіз жаттығуын өткізеді

Иран мен Қытай армияларының теңіз күштері жексенбі күні Ормұз бұғазы мен Оман теңізінде ортақ жаттығу өткізеді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран мен Қытайдың әскери кемелерінің ортақ жаттығуы Ормұз бұғазының шығысынан Үнді мұхитының солтүстігіне дейін өтеді. Бұл ортақ әскери жаттығуды өткізудің мақсаты – Иран мен Қытай армиясының теңіз күштері арасында тәжірибе алмасу және Үнді мұхиты суларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қытай армиясының кемелері мен бір тікұшағы бейсенбі күні Бандар-Аббастағы Иран армиясының бірінші аймағына келген болатын. Осымен Қытай кемелері екінші рет Бандар-Аббасты айлақтап отыр. Қытай кемелері бұдан бұрын 2014 жылдың қыркүйек айында келген болатын.