Иранның зымырандық күш-қуаты аймақтың бейбітшілігі, тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қызмет етеді
https://itolqyn.com/news/iran-i28210-Иранның_зымырандық_күш_қуаты_аймақтың_бейбітшілігі_тұрақтылығы_мен_қауіпсіздігіне_қызмет_етеді
Иранның Вице-президенті Джаһангири өз елінің лаңкестікпен күрес саласында әділ әрі күш-қуатты екендігіне тоқталып: «Иранның зымырандық күш-қуаты аймақтың бейбітшілігі, тұрақтылығы және қауіпсіздігіне қызмет етеді»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 20, 2017 13:50 Asia/Almaty
  • Иранның зымырандық күш-қуаты аймақтың бейбітшілігі, тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қызмет етеді

Иранның Вице-президенті Джаһангири өз елінің лаңкестікпен күрес саласында әділ әрі күш-қуатты екендігіне тоқталып: «Иранның зымырандық күш-қуаты аймақтың бейбітшілігі, тұрақтылығы және қауіпсіздігіне қызмет етеді»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Вице-президенті Исхақ Джаһангири дүйсенбі күні  Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан-Балучистан облысы халқының өкілдерімен кездесуінде: «Иран ДАИШ лаңкестік тобының маусымның 7 күнгі  лаңкестік шабуылына орынды жауап қайтарды»,- деп мәлімдеді.

Исхақ Джаһангири ИИР-ның әрбір әрекетке қатаң әрі орынды жауап беретінін қуаттап: «ИИР басынан бастап, лаңкестікпен шынайы күресу жігеріне ие екенін көрсетті. Шынайы күрестің арқасында аймақтағы лаңкестіктің тамыры жойылады деп үміттенемін»,- деді.