Сақшылар Корпусының лаңкестер орналасқан мекенге зымыран атуы дұрыс әрі қажет іс болды
(last modified Wed, 21 Jun 2017 07:56:28 GMT )
Маусым 21, 2017 13:56 Asia/Almaty
  • Сақшылар Корпусының лаңкестер орналасқан мекенге зымыран атуы дұрыс әрі қажет іс болды

ИИР Президенті Рухани Сақшылар Корпусының Сирияның Дейр әз-Зор аймағындағы лаңкестер орналасқан мекенге зымыран атуын дұрыс, уақытылы және қажет іс деп атап: «Иран Ислам республикасы айбынына нұқсан келтіргісі келетіндерге қатаң жауап қайтарады»,- деді.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани  сейсенбі күні Теһранда діни ғалымдар және дінтанушылармен өткізген ауызашарда: «Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі маусымның 7 күні Теһранда орын алған лаңкестік шабуылдан кейін лаңкестерге жауап қайтару үшін қарулы күштерге өкілеттіктерді берді. Оның үлгісі Сақшылар Корпусының жуырдағы амалдары болды.

Лаңкестер Ислам Кеңесі Мәжілісі мен имам Хомейнидің  қасиетті кесенесіне жасаған шабуылдарында өз мақсаттарына жеткен жоқ. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, Иран халқына соққы береміз деп ойлайтындар  Иран халқынан соққы көретіндерін білгені жөн»,- деп қуаттады.