Мосулды азат ету – лаңкестіктің алдындағы аймақ халықтарының жеңісі
Маусым 21, 2017 14:10 Asia/Almaty
ИИР Президенті Рухани Ирак үкіметі мен армиясы және халықтық күштерін лаңкестікке қарсы күрестегі жетістіктерімен құттықтап: «Мосулды азат ету – лаңкестікке қарсы күреске шыққан Иран, Ирак, Сирия мен аймақтың басқа елдері үшін жеңіс тойы»,- деді.
Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абадимен Теһрандағы кездесуінде лаңкестікпен күресіп, аймақта қауіпсіздік орнатудың барлық мемлекеттердің қатысуы және ынтымақтастығымен жүзеге асатынын мәлімдеп: «ИИР Ирак халқының лаңкестерді жеңуі мен қауіпсіздік орнатуын өзінің қауіпсіздігі санап, әрқашан Ирак халқының қасында болды және келешекте де бірге болады»,- деді.
Рухани аймақтағы лаңкестік әрекеттердің күшеюі мен лаңкестердің белсенділігінің артуын сионистердің сұм жобасының бір бөлігі деп атап: «Лаңкестікке қарсы күрес Құдс мәселесі мен сионистік режимнің қатерінің ұмытылуына себеп болмауы керек»,- деп қуаттады.
Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абади да кездесуде аймақтың барлық елдерінің, әсіресе Иран мен Ирактың лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастығын арттыру қажеттігін қуаттап: «ДАИШ лаңкестері ешбір шек пен шекараны танымайды. Сондықтан, барлық мемлекеттер бұл қоқан-лоққымен күресу үшін бірігіп, ынтымақтастық жасауы керек»,- деді.