Палестина – Иранның сыртқы саясатының ең маңызды тұрғысы
https://itolqyn.com/news/iran-i28314-Палестина_Иранның_сыртқы_саясатының_ең_маңызды_тұрғысы
Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының басшысы Иранның сыртқы саясатының ең маңызды тұрғысын Палестина мәселесі деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 23, 2017 20:09 Asia/Almaty
  • Палестина – Иранның сыртқы саясатының ең маңызды тұрғысы

Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының басшысы Иранның сыртқы саясатының ең маңызды тұрғысын Палестина мәселесі деп атады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының басшысы Әлаеддин Бруджерди Құдс күні туралы: «ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейни Құдсты басып алған режиммен күресіп, онымен қарсыласу арқылы араб әлемінің кішкентай шеңберін ислам әлемінің үлкен шеңберіне, тіпті одан да үлкен әлемнің азаттық талап етушілерінің шеңберіне кеңейтті. Имам Хомейни Құдс күнін атап, ислам әлемінің барлық мүмкіндіктерін сионистік режимге қарсы пайдаланып, нәтижесінде барша мұсылмандар бір-біріне жақындап, қарсыласу майданын құрды. Сол себепті, сионистік режим 2000-шы жылдан кейін қарсыласуға қарсы барлық соғыста сәтсіздікке ұшырады. Қарсыласу қозғалысы жеңді. Бұл жеңістер басып алынған жерлер азат етілгенше жалғасады»,- деді.