Иран президенті әйелдердің қоғамның дамуындағы рөлін баса айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i28366
ИИР президенті сенбі күні кешке әйелдер мен отбасы саласындағы белсенділермен өткен ауызашар рәсімінде мемлекеттің дамуы мен Иран ислам революциясының мақсаттарына жетудегі әйелдердің атқаратын рөлін баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 25, 2017 13:31 Asia/Almaty
  • Иран президенті әйелдердің қоғамның дамуындағы рөлін баса айтты

ИИР президенті сенбі күні кешке әйелдер мен отбасы саласындағы белсенділермен өткен ауызашар рәсімінде мемлекеттің дамуы мен Иран ислам революциясының мақсаттарына жетудегі әйелдердің атқаратын рөлін баса айтты.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани бүгінгі таңда әйелдер қауымының ғылым және білім саласына қатысты салаларда талпыныс жасап, ықпалды рөлге ие екендіктеріне тоқталып: "Әйелдер барлық салаларда ер кісілермен қатар белсенділік танытуда",- деді.

Иран президенті бүгінгі әлем мен исламның шындықтарын қабылдау қажеттігін қуаттап: "Әйелдер қауымы қоғамда ғылым, зерттеу және саяси мәселелерге байланысты айтарлықтай жақсы табыстарға қол жеткізгендей олардың басқару салаларына келуі үшін көбірек талпыныс жасау керек.

Ирандағы қазіргі заман әйелдері дамып, ілгерілеу үшін үлкен қадамдар жасады. Алайда, бұл жол ыстық ықылас пен көңіл бөлу арқылы өтілуі тиіс. Жолдағы тосқауылдар мен кедергілер көп болғанына қарамастан, ол кедергілер жойылады",- деді.