Иранның ДАИШ-тың позицияларына жасаған зымырандық шабуылдарының жолдауы дұшпандарға жетті
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: "Ислам революциясы Сақшылар корпусының Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобының позицияларына жасаған лаңкестік шабуыл түріндегі жолдауы Иранның аймақтық және аймақтан тыс дұшпандарына жетті",- деп мәлімдеді.
Бригада генералы сардар Амир Әли Хаджизаде сенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Ислам революциясы Сақшылар корпусының ДАИШ лаңкестік тобының Сирияның Дейр аз-Зурдегі позицияларына зымырандық шабуыл жасауы Иран халқы, Теһранда маусымның жетісі орын алған лаңкестік шабуылдың шәһидтері мен жарақаттанғандардың отбасыларының атынан жасалды.
Бұл зымырандық шабуыл арқылы ДАИШ лаңкестік тобына ауыр соққы беріп, көп шығын келтірілді. Бұл амалдар лаңкестердің біртұтастығын толығымен жойды",- деді.