Иран Сыртқы Істер Министрі Германияға сапармен барады
Иран Ислам Республикасының СІМ дүйсенбі күні бір еуропалық отырысқа қатысып, Германия басшыларымен екіжақты байланыстар мен аймақтық және халықаралық мәселелер туралы сөйлесу үшін Берлинге жолға шығады.
Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф Берлин сапарында Германия СІМ Зигмар Габриэль және Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесумен қатар сол елдің өнеркәсіп иелері мен ірі компания басшыларымен жүздесіп, сұхбаттасады.
Таяу Шығыс аймағындағы оқиғаларға байланысты аймақ дағдарысы, соның ішінде Сирия мен Палестина, Бахрейн және Катардың кейбір көршілес мемлекеттермен жуырдағы дағдарысы Зарифтің Германия сапарындағы кеңесулерінің өзекті тақырыптары деп жарияланды.
Германия үкіметінің басшылары Азияның батыс аймағындағы дағдарыстарды шешудегі Иранның маңызды рөлін әрдайым қуаттап келеді.