Түркиядағы жарылысты орындаушылардың жеке бас мәліметтері ресми жарияланды
Нау 16, 2016 15:26 Asia/Almaty
Түркияның Ішкі істер министрлігі Анкарадағы жарылыстарды іске асырғандардың жеке бастарына қатысты мәліметтері ресми жариялады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің Анкарадан хабарлауы бойынша, Түркияның Ішкі істер министрлігі өз мәлімдемесінде: «Кемінде 37 адамның өліміне соқтырған Анкараның Қызыл ай алаңында жексенбі күні орын алған жарылысты Карс облысында 1992-ші жылы дүниеге келген Саһар Чағла Дамир іске асырды. Ол 2013-ші жылы Түркияның Күрдістан Жұмысшылар партиясына ПКК-ге қосылып, Сирияның солтүстігінде Демократиялық бірлік партиясында жаттығудан өткен»,- деп жариялады.
Тегтер