Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 01 Jul 2017 14:08:13 GMT )
Шіл 01, 2017 20:08 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Ислам революциясы Сақшылар корпусының ДАИШ лаңкестік тобын жазалауға бағытталған әрекетін дұрыс әрі орынды деп атады.

Аятолла Мохаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазы кезіндегі құтпаларында: "Лаңкестер мен олардың демеушілері ИИР-ның кез келген ықтималды шапқыншылыққа кесімді түрде жауап беретінін білгені жөн",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері ИИР-ның үлгі тұтарлық қауіпсіздігіне тоқталып: "Қазіргі таңдағы Ирандағы тыныштық, қауіпсіздік пен әскери және ғылыми күш-қуаты Иран Ислам революциясының жеңісі мен ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің (р) жетекшілігінің арқасында",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ Ирак үкіметі мен халқына Мосул қаласын лаңкестердің басқыншылығынан азат етуімен құттықтап: "АҚШ, сионистік режим мен Сауд режимі аймақтағы лаңкестердің негізгі демеушілері болып саналады",- деді.