Иран әлемнің Ауғанстанмен экономикалық ынтымақтастық жасауы қажеттілігін қуаттады
(last modified Wed, 16 Mar 2016 10:29:00 GMT )
Нау 16, 2016 16:29 Asia/Almaty
  • Иран әлемнің Ауғанстанмен экономикалық ынтымақтастық жасауы қажеттілігін  қуаттады

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Ауғанстанға бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайтару үшін әлемнің Ауғанстанмен экономикалық ынтымақтастық жасауы қажеттілігін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Ғоламали Хошру сейсенбі күнгі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстанның жағдайына арналған отырысында: «ИИР әрқашан Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті және осы елдің дамуын қолдады. ИИР-ның пікірінше Ауғанстан үкіметінің Талибан және соңғы кезде ДАИШ сынды лаңкестік топтармен күресуі, сонымен бірге үлкен экономикалық дағдарыстармен бетпе-бет келуі кезінде халықаралық қауымдастық бұл елдің ұлттық бірлік үкіметіне лаңкестікпен күресуге және экономикалық әрі қоғамдық тұрғыдан дамуына қолдау көрсетуге міндетті» деп мәлімдеді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сейсенбі күнгі отырысында бұл ұйымның Ауғанстанға көмек көрсету комитетінің (UNAMA) міндетін бір жылға созды.