Ислам – адам құқығының туын желбіретуші дін
Иранның сот билігінің төрағасы аятолла Амоли Лариджани: "Ислам республикасының жүйесі мен Ислам діні адам құқығының туын желбіретіп, адамдардың құндылығын қорғайды" деді.
Иранның Сот билігінің төрағасы аятолла Амоли Лариджани жексенбі күні Теһранда Сот билігінің конгресінде Исламның адам құқығына қатысты көзқарасын түсіндіру қажеттілігіне тоқталып: "Ислам мен Құран Кәрім адам туралы ұсынатын бейне – адамның Алланың жер бетіндегі халифасының бейнесі. Ислам мен Құран Кәрім ұсынатын тағылымдар шеңберіндегі адам құқығы қабылдауға лайық" деді.
Аятолла Амоли Лариджани АҚШ-тағы қара нәсілділердің құқығының бұзылуы мәселесіне тоқталып: "Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) 1400 жыл бұрын ақ пен қараға бірдей қараған. Кез келген жерде құлдарды азат еткен. Ислам – адамдарды азат етуді жақтайтын дін. Батыс алдап-арбағанда адам құқығын тетік ретінде пайдаланады. Бірақ, іс-жүзінде Вьетнам соғысында, Хиросиманы бомбалауда, Иранға қарсы таңылған соғыста, Йеменді бомбалау әрекеттерінде өзінен кейін ең үлкен қирандылар қалдырды" деді.
Иранның Сот билігінің төрағасы сонымен қатар ДАИШ лаңкестік тобының, өздері мойындағандай, америкалықтардың қолымен құрылғанын баяндап: "ИИР адам құқығын ілгерілетіп, Палестинаның мазлұм халқын қолдап келеді" деді.