Иран халқы АҚШ-ның қылмысын ұмытпайды
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағын АҚШ әскери кемесі атып құлатқан оқиғасының жылдығында: «Иран халқы АҚШ қылмысын ұмытпайды»,- деді.х
1988 жылдың маусым айының 3 күні Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббастан Дубайға ұшып бара жатқан жолаушы тасымалдайтын IR655 ұшағы Парсы шығанағының үстінде АҚШ «US-Vincennes» кемесінен атылған екі зымыранның нысанасына алынып, 290 жолаушысы мен экипаж мүшелері шәһид болды. Ұшақта 66 бала, 53 әйел және басқа елдердің 46 азаматы болды.
«Vincennes» кемесінің ең дамыған радарлық және компьютерлік жүйелермен жабдықталуы мен ұшып келе жатқан ұшақтың белгілерінің анық көрінуіне байланысты бұл әрекеттің қателік емес, дұшпандық әрекет болғаны айқындалды.
Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке «Твиттердегі» парақшасында «Vincennes» кемесі капитанының әскери емес адамдарды өлтіргені үшін медаль алғанына тоқталып: «Иран халқы АҚШ қылмысын ұмытпайды»,- деп жазды.